«AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының Жол картасы аясында Қызылорда қаласының қоғамдық көлік мәселесі назардан тыс қалмады. Онда облыс әкімінің тікелей қолдауымен жыл соңына дейін 150 автобус ел игілігіне пайдалануға берілуі жоспарланған. Соның негізінде Сыр өңіріне жоспарланған қоғамдық көліктің алғашқы легі жеткізілді. Яғни, қалалық автобус паркі 50 жаңа автобуспен толықты, деп хабарлайды Aikyn.kz.