Былтыр күзде ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу кезінде Жетісу облысында жүгеріге қатысты үлкен түсінбеушіліктер туындап, соның салдарынан жүздеген гектар дәндік жүгері орылмай далада қалса, орылып, қырмандар мен қоймаларға жеткізілген мыңдаған тонна жүгері дәні сұраныс жоқтан сонда жатып шіріді.