Қазір балалардың көру қабілетінің нашарлауы – өзекті мәселе. Смартфон мен планшетке тәуелділік, оқу жүктемесінің артуы, көзге дұрыс күтімнің болмауынан оның түрі де көбейіп кетті. Баласының денсаулығына, яғни жанарын тексеруіне салғырт қарайтын ата-ана да жоқ емес. Кейбірі көздің көруін жақсартады деген сеніммен талай ББК (БАД)-ты беруді әдетке айналдырса, енді бірі көзілдіріктің пайдасы жоқ деп ойлайды. Осының ақ-қарасын дәрігер Гүлназ Нұрланқызы айтып берді.