«AMANAT» партиясының «Кітап–AMANAT» партиялық жобасы аясында Шымкент қаласындағы №2 орталықтандырылған көпшілік кітапхана бөлімшесінде ұлы жазушы Ілияс Есенберлиннің 110 жылдығына арналған әдеби-мәдени іс-шара өтті. Жиынға партия филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Ербол Байқонысов, кітапхана қызметкерлері, оқырмандар мен студенттер қатысты.