Биыл күллі түрікке ортақ мұра, тіпті әлем мәдениетінде өзіндік орны бар еңбек «Диуани лұғат ат-түрктің» жазылғанына 950 жыл толды. Жаһандағы жалғыз нұсқасы 1914 жылы Ыстанбулда табылған еңбектің соңғы бетінде түрік сөздігінің 1072 жылдың 25 қаңтарында басталып, 1074 жылдың 10 ақпанында аяқталғаны жазылыпты. Авторы атақты Махмуд Қашқари болатын.