Венгрия мемлекеті – біздің тәуелсіздігімізді алғаш мойындаған елдердің бірі. Тарихы тамырлас, ғұмыры тағдырлас мажар жұртымен біздің мәдени байланыс жоғары деңгейде. Осы бір мәдени байланысты нығайтуға үлкен үлес қосып жүрген жандардың бірі – Раушангүл Мұқышева. Қазақтың әдеби құнды жәдігерлерін мажар тіліне аударып, мажардың көркем әдебиеттерін қазақ халқына насихаттап жүрген жанмен жақында сұхбаттасудың сәті түсті.