Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қырғыз Республикасына ресми сапары аясында Жогорку Кенеш төрағасы Нурланбек Шакиевпен кездесіп, Қазақстан мен Қырғызстан парламенттері арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Парламентаралық кеңестің екінші отырысына қатысты. Сондай-ақ ресми сапардың екінші күнінде Ерлан Қошановтың Қырғыз Республикасы Президенті Садыр Жапаровпен кездесті.