Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Серік Егізбаевтың жетекшілігімен биылғы астықты сақтау және өткізу мәселелері туралы кеңейтілген отырыс өтті. Жиынға Мәжіліс Төрағасының орынбасары Альберт Рау, Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин және жауапты мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.