ХІV-ХVІ ғасырларда жазылған көне қолжазбалардың қазақ тілінде жарық көруіне атсалысып жүрмін. Соның ішінде Рашид ад-Диннің шығармаларын, Шараф ад-Дин Язвидің «Зафарнамесін», Мырза Ұлықбектің «4 ұлыстың тарихы» қолжазбасын аудару барысында тарихшыларға жәрдем жасадым. Сол еңбектің барлығында «Құрылтай» сөзі бар.