Баланың бойындағы жақсылы-жаманды қасиеттерін байқаған халқымыз оны ең бірінші әке мен ата тәрбиесімен байланыстырады. «Тегіне тартқан екен», «Әкесі сондай адам еді» деп, міндетті түрде ер адам тәрбиесі туралы айтып отырған. Өйткені әкесінің баласына қалдырған ең үлкен мұрасы – оның жақсы тәрбиесі.