Қазір ауыл шаруашылығы саласында маман даярлайтын университеттер Ауыл шаруашылығы министрлігіне, мәдени саладағы жоғары оқу орындары Мәдениет және спорт министрлігіне қарайды. Жақында Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов осы екі саладағы университеттерді Жоғары білім және ғылым министрлігінің басқаруына беру керек екенін айтты.