Заман талабына сай кітап оқитын жастардың саны артып келеді. Солардың ішінде оқырмандардың іскерлік әдебиетке қызығушылығы ерекше. Жас жазушы, маркетолог Мирас Кесебаев Қазақстанды кітап оқитын елге айналдыруды басты мақсаты санайды. Сол үшін ол «Супер жады», «Жылдам оқы», «Әдеп күші», «30 күнде ағылшын тілінде сөйле» атты кітаптар да жазған. Біз Мирас Кесебаевқа хабарласып көрдік.