Медицина саласындағы терминологияның ауқымы кең. Дереккөздерге жүгінсек, онда 200-500 мыңға дейін термин бар. Бұл басқа ғылым салаларымен салыстырғанда өте көп. Оның ішінде медицинаның 200-ден астам саласы болса, олардың өзінің жеке терминдері бар. Соңғы он шақты жыл ішінде ашылған жаңалықтарға байланысты ғылыми ұғымдар саны да күрт көбейген.