3 желтоқсан – Халықаралық мүгедектер күні. 1992 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарымен мүмкіндігі шектеулі жандарды қорғау мақсатында осы күн бекітілген. Осылайша әлемдік деңгейде мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамға әлеуметтенуіне, оларға жағдай жасауға баса назар аударылады.