Таяуда Перу мен Польша ғалымдары Анд тауларынан табылған 14 жастағы қыз баланың мумиясының реконструкциясын жасап шықты. Археологтар оны осыдан 500 жылдай бұрын өмір сүрген Инк тайпасының өкілі деп жорамалдайды. Мумияланған мүрде 6000 метр биіктікте еріген мұздың астынан шыққан.