«AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының Партиялық бақылау комиссиясы мен филиал жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшелері партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасы көрсеткіштерінің орындалуы бойынша Тараз қаласындағы білім мекемелерінің құрылыс жұмыстарына қоғамдық бақылау жүргізді.