1937 жылы қазақ зиялыларын айыптау мен қуғындау бұрынғыдан бетер күшейіп, шарықтау шегіне жеткені белгілі. Алашордашылардың әр басқан қадамынан теріс пиғыл іздеп, оларға кінә тағу да қалыпты іске айналды. Одан бөлек, бұқараның мұсылманшылықты берік ұстанған өкілдерін жау етіп көрсету саясаты да жүргізілді.