Дүйсенбінің таңы Алматы әуежайында адамдардың кептелісімен бастау алды. Дегенмен онсызда ығы-жығы кептелістен көз ашпайтын алматылықтар үшін бұл – тарихи күн. Себебі дәл сол күні Алматы жұртшылығы Қазақстанның көк туын әлемдік масштабта биікке көтеріп, әнұранын көкте қалықтатқан Жазғы Олимпиада жүлдегерлерін қарсы алды.