Қазақтың байырғы заманнан келіп, ұлтпен егіз ғұмыр кешкен екі өнер болса, оның бірі күй тарту дәстүрі. Қазақ қуанышы мен қайғысын, күлкі мен назын осы күйге сала білген. Домбырамен жеткізе білген. Бүгінгі заманда да күйшілік өнер жалғасып келеді. Осы орайда күйшілік өнердің бүгінгі жайын білмекке Қазақстан Республикасына Еңбек сіңірген қайраткер, профессор, күйші Жанғали Жүзбайды әңгімеге тарттық.