Қыркүйек айында тірі болғанда 80-нің сеңгіріне шығатын Оралхан Бөкей жайлы айтылып та, жазылып та жатыр. Ол – заңдылық. Өйткені Алла сыйлаған 50 жасқа жетер-жетпес, аз ғұмырында артына өшпес дүние қалдырып кеткен Оралханды айтпау, еске алмау – қазақтығымызға сын.