Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевпен бірге Португалия Республикасына сапар жасаудың реті келді. Делегация құрамында сенаторлар Сұлтанбек Мәкежанов, Жанна Асанова, Закиржан Кузиев бар. Жол ұзақ. Жолай Ыстанбұл арқылы аялдап, одан ары тура ұшқанның өзінде он бір сағат уақыт кетеді екен. Қазақ «жердің бір шеті» дейтін еді... Тап солай екен. Лиссабон қаласы, біз тоқтаған Кашкайш қалашығы да жердің қиыр шетіндегі соңғы нүктеде орналасқан. Ар жағы – Атлант мұхиты.