Жайылым жердің тапшылығы – қазір қай мінберден болмасын жиі қозғалатын тақырыптың бірі. Атакәсіпті серік еткен ауылдағы ағайынның бас ауруына айналған бұл мәселе рет-ретімен шешіліп жатқанымен, қиындықтар азаяр емес. Есесіне тұтас бір ауылды жікке бөлген жер дауы бой көрсете бастады.