Әр толқында бір иірім, әр иірімде бір үйірім, сол үйірімнің ұйытқыма қалтқысы болады. Сол сияқты орманның орамында да, адамдардың арасында да бір ныспылы нысана болады. Егер де әдебиет иірімін толқынға баласақ, онда соғыстан кейін туып, тәуелсіздікке ат басын тіреген поэзия сандалдарын еске алсақ, соның ішіндегі үйірлі ұйытқының бірі және бірегей тұлғасы Кеңшілік Мырзабеков деп толық сеніммен айтуға болады.
Жаңалықтар