Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы аптада Тәжікстан Республикасына жұмыс сапарымен барып қайтты. Сапары аясында Мемлекет басшысы V Консультативтік кездесуге, «ЭКСПО Орталық Азия – 2023» көрмесіне, Халықаралық Аралды құтқару қорының отырысына қатысты.