Түнгі он екіні асыға күтіп, аспанға «жұлдыз» ататын Жаңа жылдың басталуына бір-ақ күн қалды. Мейрам алдында қаланың кез келген бұрышында сатылып жатқан түрлі отшашуларға тыйым салынғанын білсе де, оны сатушы да, сатып алушы да сауданы қыздырып тұр. Жаңа жылды шырша мен отшашусыз елестету мүмкін емес. Жаңажылдық символға айналған отшашудың пайдасы қайсы, зияны қандай? Оған сонша шығындалу қажет пе?