Бүгіндері жастар арасында кеңінен тараған лудомания дертінен Қазақстанда тегін емделуге болады. Бұл туралы Алматыда өткен баспасөз мәслихатында "Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы" ШЖҚ РМК бас директоры Қуаныш Алтынбеков мәлім етті, деп хабарлайды Aikyn.kz.