Күні кеше Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне қарасты «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы мен Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі бірлесіп ұйымдастырған «Өзбекстан қазақтарының рухани мұрасы: жинау, сақтау, зерттеу» атты жобасының қорытындысы талқыланған дөңгелек үстел өтті.