Кең даланың құшағында еркін өскен ақын Светқали Нұржан (Айтман) табиғаттың тылсым сырларынан жастайынан сыр тартып, тарихтың тұңғиығына көз жіберіп, сұлулық әлеміне сұқтанумен келеді. Ақындық өнердің сиқырлы тылсымы мен қасиетті күші өнерпаздың ақыл-ойы мен жан-жүйесін тұтас баурап, болашақ бағдарын айқындады.