Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев «Бельгия – Қазақстан» достық тобының төрағасы Тим Ванденпут бастаған Бельгия Парламенті депутаттары делегациясымен кездесті. Тараптар екіжақты ынтымақтастық пен парламентаралық өзара іс-қимылды одан әрі нығайту перспективаларын талқылады.