Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Біріккен Араб Әмірліктеріне сапары барысында осы елдің Толеранттылық және қатар өмір сүру министрі шейх Нахаян бен Мубарак Әл-Нахаянмен кездесті. Сұхбат кезінде тараптар өзара серіктестікті одан әрі нығайту және парламентаралық ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады.