«AMANAT» партиясының алаңында Ақмола облысының белсенді әйелдері бас қосты. Жиында жаңа Конституция жобасы, партия жанындағы Әйелдер қанатының бастамалары және алдағы жұмыс жоспары талқыланды. Сонымен қатар Парламент Мәжілісі мен партияның орталық аппаратында қатысушыларға экскурсия ұйымдастырылды.