Оңтүстік Кореяның журналистер ассоциациясының ұйымдастыруымен өткен «Дүниежүзілік журналистер конференциясы – 2023» аясында тұмса табиғатымен, терең тарихымен тәнті еткен кербез қала – Пусанға жол түсті. «Пусан» десе көбіміздің ойымызға 2016 жылы жарық көрген «Пусанға баратын пойыз» фильмі түседі.