Петропавлда балабақша қызметкерінен туберкулез дерті анықталды. Жұқпалы кеселдің ашық түріне шалдыққан басқа емес, балақайлардың денсаулығына жауапты мейірбике екен. Бұл жағдайды ата-аналар балабақшада залалсыздандыру жасала бастағанда ғана білген, деп жазды Аikyn.kz тілшісі.