Нью-Йорктағы БҰҰ штаб-пәтерінде өткен Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартқа қатысушы мемлекеттердің конференциясына қатысқан Қарағанды облысы делегациясы Семей ядролық полигонының құрбаны, әлемге әйгілі суретші Кәріпбек Күйіковтің суреттерін «Полигон жаңғырығы» атты көрме аясында таныстырды.