Президент Ердоған Түркияда білім алып жатқан халықаралық студенттерге тұру және жұмыс рұқсатын алу үшін жаңа мүмкіндіктер жасағанын айтып: «Сіздердің әрқайсысыңызды елдеріңіздің беделді және құнды өкілдері ретінде көреміз. Түркияны екінші Отаныңыз ретінде көргеніңізге өте қуаныштымыз. Өз елдеріңізге оралған соң, біз сізді өзіміздің құрметті өкіл ретінде көретінімізге сенімді болыңыз», – деді.