Қазақ боксы тағы бір мәрте биіктен көрінді. Қытайдың Гуйян қаласында өткен Әлем кубогының екінші кезеңінде Қазақстан құрамасы шаршы алаңда керемет нәтиже көрсетіп, ел қоржынына бес алтын медаль салды. Бұл әлемдік рейтингтің салмағы сарапқа түскен, кіл мықтылар қолғап түйістірген халықаралық додадағы қазақ бокс мектебінің қуатын танытқан толайым табыс болды.
Жаңалықтар