Көлік жүргізушілердің ұялы телефонмен сөйлесуі, қауіпсіздік белдігін тақпауы жиі кездесетін проблема. Енді жол ережесін бұзушыларға қарсы жасанды интеллект жүйелері қолданыла бастады. Олар бір қолымен рөлді ұстап, бір қолымен смартфонда әріп теріп отырған жүргізушінің суретін түсіріп, жол сақшыларына жібереді