Зергерлер, люкс заттарын сататын дүкен желілері дабыл қағып жатыр. «Сән-салтанат заттары сатылуды қойды» дейді. Мұндай үрдіс Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде тіркелген. Салдарынан көптеген ірі брендтің акциялары құлдырау үстінде. Бұған не себеп? Шынымен, адамзат атақ-даңқ құмарлықтан кетіп, қанағат атты құндылыққа бой ұра бастады ма?