Күні кеше ғана сатираның сарбазы болып жүрген Берік Садыр бүгінде осы саланың қанаты қатайып кеткен сардарлары қатарына кіріп, қазақы қалжың ақсақалдарының біріне айналды.Бірнеше топтама жинаққа сатиралық әңгімелері енген қаламгердің 1987 жылы «Не десем екен?!» атты алғашқы әзіл-сықақ кітабы жарық көрсе, одан соң «Қосымша ми», «Біз өсек айтпаймыз», «Ойсоқты», «Ойхой өмір», «Социализм сатирасы» жинақтарын шығарды.