Қазақ руханияты тағы да қара жамылды. Алыптар көшіп барады. Абайтанушы, бауыржантанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметұлына да уақыт жетіпті. Ғұмырын ғылым жолына арнап, ғақылы ғасырға жүк болатын дүниелер жазып, өшпес мұра қалдырған ғалымның қазасы қазақ жұртының қабырғасын қайыстырды.