Елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жүріп жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей бастамасымен қолға алынған республикалық шараға Абай облысының тұрғындары да белсене атсалысуда. Өңірдегі барлық қала мен ауданда екі айға жалғасатын экологиялық акция басталды.