Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер шағы көктемдегі ең асыл дүние – Наурыз мерекесі. Бұл күнді күллі түркі жұрты ғана емес, әр шаңырақ асыға күтеді. Себебі бабалар тарихынан бастау алған ұлы күн – жаңа жылдың нышаны. Жалпы, Наурыз мейрамының отбасы өміріндегі рөлі қандай? Дәстүрдің озығы мен тозығы бар ма?

