Құсбегілік – халқымыздың бойына сіңген өнер десек, оны дамыту, жиі насихаттау – бүгінгі ұрпақ үшін әрі парыз, әрі дәстүр. Елорда төріндегі көшпенділер ойынында құсбегілік жоғары деңгейде өтіп, қазақстандық құс баптаушылар ерекше құрметке ие болған еді.