Астанада «Экологиялық ортадағы жастар көшбасшылығы: ШЫҰ шеңберінде тұрақты болашаққа жол салу» тақырыбында Шанхай ынтымақтастық ұйымы Жастар кеңесінің XVII отырысы өтті. Ұйымдастырушы – «AMANAT» партиясы «Жастар Рухы» жастар қанаты. Іс-шараға Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов қатысты.