Қазақстан Премьер-министрі Әлихан Смайылов елімізге ресми сапармен келген Италия Министрлер кеңесі төрағасының орынбасары – сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі Антонио Таянимен кездесті. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.