Биыл 1 қыркүйектен бастап еліміздегі колледждер мен жоғары оқу орындары студенттеріне арналған шәкіртақы өсті. Осыдан бірер ай бұрын Премьер-Министр Олжас Бектенов 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап колледждер мен ЖОО студенттерінің шәкіртақысын арттыруды көздейтін Үкімет қаулысына қол қойған еді.