Мемлекет ауыл шаруашылығын қолдау мақсатында субсидия беріп келеді. Соның арқасында қайтарымсыз қаржы алып, шаруасын дөңгелетіп отырған шаруашылықтар бар. Дегенмен межеленген қаражатты алу үшін жалған құжат жасау, кейбір салалардың бұл қаражатқа ілікпеуі сияқты мәселелер де жоқ емес.