Биыл ұлтымыздың ардақты ұлдарының бірі, мемлекет қайраткері Сұлтанбек Қожанұлының туғанына – 130 жыл. Қазақ елінің ғана емес, туысқан түркі тілдес халықтардың да мемлекеттілігі, мәдени-ағарту мәселесінде өшпестей із қалдырған тарихи тұлғаның мұрасын түгендеп отыру елдік істің белгісі болса керек. Осы орайда Қаныш Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың профессоры, Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясының академигі Досалы Салқынбекті әңгіме тартқан едік.