Қазақ поэзиясы бағзыдан қалыптасып үлгерген, дәуірлер мен ғасырлар өтінде қарыштап дами түскен құдіретті де өміршең поэзия екеніне ешкімнің дауы жоқ. Ілкіде тасқа қашалған таңбалардың өзі – інжу-маржандай көркем дүниелер қазақ поэзиясының қайнар бастауы.