Қызылорда қаласын орталықтандырылған ыстық су жүйесіне қосу ісі көп жылдан бері шешімін таппай тұрған түйінді мәселенің бірі болатын. Бұл түйткіл биыл түбегейлі шешімін табуы мүмкін. Жергілікті әкімдік мәселенің жақын күндері шешілетінін айтып, жұртшылықтан сүйінші сұрап отыр.